"Соқыр болып қалуы мүмкін": Жасөспірімдер бокс жаттықтырушысын соққыға жыққан (видео)
Ресейде жасөспірімдер бокс жаттықтырушысын шәкірттеріне қарсы шыққаны үшін соққыға жыққан. Енді ол соқыр болып қалуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mash басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Freepik.com
Ресейлік басылымның хабарлауынша, төтенше жағдай Белогорьенің Волоконов ауданында (шекарадан 30 шақырым жерде) болған. Эдуард Солошенко осыдан бір-екі жыл бұрын Курск облысына қарасты Курчатов қаласынан келіп, балалар жаттықтырушысы болып жұмысқа орналасқан. Ол серіктесімен бірге Волоконовкада бокс залын салған.
Бір-екі күн бұрын тәлімгерлер өздерінің жаттықтырушысына жергілікті жасөспірімдердің шабуыл жасағанын айтып шағымданған.
Жаттықтырушы сегіз жасөспірімге қарсы шығып, өз шәкіртін қорғамақ болған. Алайда олар Эдуардты аяусыз соққыға жыққан.
Ол жергілікті ауруханаға жеткізілді, енді ол көру қабілетінен айырылуы мүмкін. Полиция тергеуді бастады. Дегенмен кінәлілердің ешбірі ұсталмаған. Жаттықтырушы соққы алғаннан кейін, оның серігі облыстан кетіп қалды. Осылайша бокс залының құрылысы тоқтатылды.