"Соғысты тоқтатуымыз керек": Трамп Путинмен кездесуге дайындалып жатқанын айтты
Дональд Трамп Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясында республикашыл губернаторлармен кездесу алдында журналистерге Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге дайындалып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Instagram.com/RealDonaldTrump/brics-russia2024.ru
“Оның кездескісі келеді. Путин бұл туралы ел алдында айтқан еді. Біз кездесуге дайындық жасап жатырмыз. Соғысты тоқтатуымыз керек”, – дейді Трамп.
Екі ел президентінің қашан кездесетіні туралы ақпарат жоқ. Кремль Трамптың бұл мәлімдемесіне қатысты әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ. Десе де Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков егер Трамп 20 қаңтардағы инаугурациядан кейін Ресей президентімен кездесу туралы ойынан айнып қалмаса, Мәскеу бұл ұсынысын құптайтынын айтты.
Бұған дейін Трамп билікке келген соң алты айда Путинмен кездесуі мүмкін екенін айтқан еді. Десе де Песков америкалық тараптан келіссөз туралы еқшандай өтініш түспегенін атап өтті.
Путиннің өзі желтоқсан айында тікелей телефон арқылы Трамппен кездесуге дайын екенін айтқан.
Дональд Трамп Украинадағы соғысты тоқтатуға уәде бергенімен, бұған қатысты жоспары туралы айтқан емес. Екі ел арасындағы қақтығысты қалай тоқтататыны белгісіз.
Бұған дейін Канада билігі Трамптың АҚШ-пен бірігу туралы ұсынысына жауап берген еді.