Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Соғысты аяқтайтын уақыт келді”: Украина президенті Трамп пен Путиннің кездесуі алдында мәлімдеме жасады


“Соғысты аяқтайтын уақыт келді”: Украина президенті Трамп пен Путиннің кездесуі алдында мәлімдеме жасады

Фото: Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский соғыс аяқталатын уақыт келгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі УНИАН агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Зеленский Трамп пен Путиннің кездесуінің алдында мәлімдеме жасады. Ол "Ресей қадам жасауы тиіс” екенін айтты.

Ол Аляскадағы кездесу Украина, АҚШ және Ресейдің үшжақты бейбітшілікке апаратын жолы екенін мәлімдеген.

"Келісімге келу мүмкіндігі жоғары. Ең бастысы, бұл кездесу шынайы бейбітшілікке апаратын нақты жолды көрсетіп,  Украина, АҚШ, Ресей көшбасшылары арасындағы мәнді әңгімеге жол ашуы керек. Соғысты аяқтайтын уақыт келді, және тиісті қадамдар Ресей тарапынан жасалуы тиіс. АҚШ-қа үміт артамыз. Біз барынша нәтижелі жұмыс істеуге дайынбыз", – деді Зеленский.

АҚШ пен Ресей президенттерінің Дональд Трамп пен Владимир Путин арасындағы саммит жұма күні, 15 тамызда, жергілікті уақытпен сағат 11:00-де (Астана уақытымен 00:00) өтеді. Украина президенті Аляскадағы саммитке қатыспайды.

Дана Русланқызы
Жұма, 15 Тамыз, 2025 22:49
Талқылау