Содырлар басшысы Дамаск мешітінде жиналған жұртшылық алдында үндеу жасады
Исламшыл "Хайят Тахрир аш-Шам" топтарының жетекшісі Абу Мохаммед аль-Джулани Дамаск қаласындағы Омейяд мешітінде жиналған көпшіліктің алдында сөз сөйледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ">BBC.Russian порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: BBC.Russian
Ол Асад режимі "қылмыс жасамаған мыңдаған азаматты әділетсіз түрде түрмеге қамады" деп мәлімдеді және "бүгін біз осы жеңіспен марапатталдық" деп қосты.
"Бұл жеңіс – барлық сириялықтар үшін", – деді Абу Мохаммед аль-Джулани.
Айта кетейік, Ресейдің сыртқы істер министрлігі Сирия президенті Башар Асадтың елден және президенттік қызметінен кеткенін мәлімдеді. Ресей СІМ-нің деректеріне сәйкес бұл шешім Асадтың "қарулы қақтығысқа қатысушы бірнеше тараппен келіссөздердер кейін" қабылданған. Мәлімдемеде Ресейдің сириялық оппозицияның барлық тобымен байланыста екені де атап өтілді. Бұл ақпарат Ресейдің сыртқы істер ведомствосының Telegram-каналында жарияланған.
Еске салайық, бұған дейін "Хайят Тахрир аш-Шам" содырлар тобы Сирия президенті Башар Асадтың елден кеткенін және Дамаск астанасын басып алғанын мәлімдеді. Дамасктегі көтерілісшілер мемлекеттік телеарна эфирінде жеңіске жеткендерін жариялады. Сириялық содырлар мемлекеттік телеарна мен Дамаск радиосы арқылы эфирге шығып, президент Башар Асад режимін құлатқандарын және саяси тұтқындарды босатқанын хабарлады.