Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Smart-кеңсе – клиенттерге қызмет көрсетудің жаңа форматы

KMF клиенттері жаңа Smart-кеңседе компания қызметтерін бұрынғыдан да қолайлы жағдайда қолдана алады.

KMF компаниясы клиенттеріне жаңа, сандық форматта қызмет көрсетуге көшуде. Алматыда 18 қараша күні компанияның тұңғыш Smart-кеңсесі Назарбаев даңғылы, 50 мекенжайында ашылды. Клиенттерге қызметті пайдалану ыңғайлы болу үшін кеңсе ішінде бірнеше арнайы аймақ қарастырылған, мәселен Android және IOS базалары орнатылған планшеттер арқылы тұтынушылар өзіне-өзі қызмет көрсете алады. Мұнда клиент микрокредитті өз бетінше рәсімдеп, соманы кез келген банктің картасына онлайн түрде ала алады. Ағымдағы микрокредитін өтеу керек болған клиенттер үшін төлем терминалдары орнатылған. Сонымен қатар, маңызды келіссөздер үшін жеке VIP-бөлме қарастырылған. Клиенттерге кеңес қажет болса, көмекке жеке менеджерлер келуге әрдайым дайын.

"Заманауи ІТ-дәуірінде компанияның цифрландырусыз дамуы мүмкін емес. Smart-кеңсе – бұл қызмет көрсетудің бірінші дәрежелігі мен клиенттерге ұсынылатын жайлылық қана емес, сонымен қатар инновациялық платформа. Оның негізінде біз компанияның жаңа өнімдері мен қызметтерін тестілеуден өткізіп, бейімдеуге арналған зертхананы құруды көздеп отырмыз. Бұл дербестендірілген тәсілмен клиенттерімізді бұрынғыдан да ыңғайлы әрі сапалы өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті KMF Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов.

Компания қызметкерлерінің айтуынша, Smart-кеңсеге өтпелі қызмет көрсету енгізілді, нақтырақ айтқанда, бұрын KMF-тің қай филиалында қызмет көрсетілгеніне қарамастан мұнда кез келген клиент қажетті қызметтердің толық спектрін ала алады. Әзірге пилоттық жоба аясындағы бұл формат Алматы мен Алматы облысының клиенттері үшін қолжетімді. Smart-кеңсе - коворкинг аймағының бір түрі. Компания клиенттері wi-fi-ды қолдана алады және кофе іше отырып, ыңғайлы жағдай жасалған орында жұмыстарын істеулеріне болады, сонымен қатар отбасылық бюджетті немесе бизнесті басқаруға арналған қаржылық сауаттылық материалдары да қолжетімді. Сондай-ақ, Smart-кеңсенің кең және жайлы бөлмелерінде қаржылық сауаттылық бойынша оқыту шараларын өткізу жоспарланып отыр.

KMF компаниясы - микроқаржы саласының флагманы. Компанияға биыл 25 жыл толып отыр. КMF стратегиясы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған, қызмет еткен жылдар ішінде мұнда 700 мыңнан аса клиентке қызмет көрсетілді. KMF микроқаржыландыруға қолжетімділікті қарапайым, ыңғайлы әрі жылдам ете отырып, цифрлық қызметтерді жетілдіріп, өз клиенттеріне бұдан да зор мүмкіндіктері ұсынуды жоспарлап отыр.

KMF – Орталық Азия мен Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы. Нарыққа ширек ғасыр бұрын келген компанияның микрокредит өнімдері туралы толығырақ kmf.kz сайтынан немесе ұялы телефоннан тегін қоңырау шалуға болатын 7474 байланыс орталығынан білуге болады.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы

STAN.KZ
Жұма, 18 Қараша, 2022 14:13
Талқылау