Словения президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
31 наурыз – 1 сәуір аралығында Словения президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Сапар барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылайды.
Екі ел арасындағы іскерлік байланысты нығайту мақсатында Қазақстан-Словения бизнес-форумы өтеді.
Словения экожүйелерді қорғау және орнықты даму бастамаларын белсенді түрде ілгерілетіп келеді. Бұл сапар екіжақты қарым-қатынасты арттырып, экология, экономика және гуманитарлық бастамаларды нығайтуға мүмкіндік береді.
Еске салайық, 2024 жылы 28 қарашада Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді. Жиында аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері талқыланады деп жоспарланған.

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
