Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО жүргізушілері “әдемі” нөмірлер үшін 12 млн теңге төледі

“Әдемі” нөмірлерді ұнататын Солтүстік Қазақстан облысының көлік жүргізушілері 12 миллион теңге көлемінде айыппұл төледі.

pQUH-YsDxIY

Сурет: cityst.ru

Бұл туралы СҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

СҚО ІІД Тіркеу-емтихан жұмыстары бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Сергей Гизбрехттің айтуынша, ерекше нөмірлерді сатып алу ажиотажы бәсеңдеген. Жыл басынан департамент 12,5  млн теңгеден астам сомаға сұранысы жоғары 34 мемлекеттік нөмірді өткізген.

“Бұрынғыдай ең көп сұранысқа ие комбинациялар – 001, 111, 444, 555, 777 және 999. 2018 жылдан бастап сұранысы жоғары нөмірлер белгілерінің алуандығы кеңейе түсетіндігі, оларға деген қызығушылықты арттыруы мүмкін. Олардың құрамына автомобиль иелерінің сүйікті «айналы» нөмірлері мен басқа да танымал сандық комбинациялар кіреді”, – деді Сергей Гизбрехт.

Мұндай нөмірлерді негізінен Петропавл қаласының, Есіл және  Ғ.Мүсірепов аудандарының тұрғындары сатып алуда. Полицейлер атап өткендей, “әдемі” нөмірлер автомобиль иелеріне ешбір артықшылық бермейді. ҚР “Жол қозғалысы туралы” Заңына сәйкес, “сұранысы жоғары нөмір” санатындағы белгіні кез келген көлік құралының жүргізушісі сатып ала алады. Әр сандық комбинацияның өзіне сәйкес мемлекеттік баж салығы болады. Көлік құралының иесі өзінің қалауына қарай беделді тіркеу нөмір белгісін таңдауға құқылы. Арнайы ХҚКО-ның ақпараттық бұрышында олардың 001-ден 999-ға дейінгі барлық түрі қойылған.


Жіберіп алмаңыз:

Әйелін ұрып-соғатын ер азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын болды

Дәрігерлер бүйрегін алып қойған ақтөбеліктің отбасы шағымдарынан бас тартты

Дүйсенбіден бастап күшіне енетін жаңа жол ережелерін біле жүріңіз

Құрбан Айт-2017: мұсылман мейрамы қашан және қайда тойланады?

Талқылау