Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер бүйрегін алып қойған ақтөбеліктің отбасы шағымдарынан бас тартты

Бүйрегін алып қойған ақтөбеліктің отбасы дәрігерлердің үстінен шағымданудан бас тартты. Сол себепті, аталған іс жабылған екен. Бұл туралы жігіттің туысқандарының қорғаушысы мәлімдеді. Бірақ, олар бұл әрекеттерінің себебін түсіндіруден бас тартты, – деп хабарлайды КТК арнасы.

72182 (1)

Марқұм Серікболсын Бітімұлының туысқандары Ақтөбе облысының бас хирургі мен денсаулық сақтау басқармасын жазалауды талап еткен болатын. Осыған орай, полицияға да, прокуратураға да арызданған-ды. Моральдық шығынды 1 миллион теңгеге бағалаған. Алайда бірнеше күн бұрын олар райынан қайтып, шағымданудан бас тартты.

22 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны бір жарым ай бұрын көз жұмған болатын. Оның бүйрегін екі адамға салып берген. Алайда бұл туралы оның отбасы тек моргте білген.


Жіберіп алмаңыз:

Дүйсенбіден бастап күшіне енетін жаңа жол ережелерін біле жүріңіз

Құрбан Айт-2017: мұсылман мейрамы қашан және қайда тойланады?

Сақ болыңыздар: Ғаламторда Құрбан айтқа қатысты жалған ақпарат тарап жатыр

Түркістан тұрғыны: Емші бала Ербосынға қаралған соң ағамның жағдайы нашарлап көз жұмды

Талқылау