СҚО облысы әкімінің сұрауы премьер-министрдің күлкісін келтірді
Үкімет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың жергілікті әлеуметтік мәселелерді қарастыру үшін мемлекеттен сұраған ақша көлеміне ашуланды. Бұл жайлы Үкімет отырысында айтылды.
Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев әкімнің бұл жайлы хат жазып, ақша сұрауының өзі ұят екенін айтты.
«Сіздер Үкіметке хат жазып, қол қоярдың алдында сәл ойланыңыздар. Кейбір хаттарыңызды қараудың өзі ұят. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі жергілікті әлеуметтік мәселелерді шешу үшін орталықтан 30 млн теңге сұраған. Бұл енді күлкілі ғой. Жергілікті мәселені шешуге 30 млн теңге табуға болады ғой. Сондықтан хатты жолдар алдында дұрыстап ойланып, қарап алыңыздар», – деді Бақытжан Әбдірұлы.
Жіберіп алмаңыз:
Мұхамедиұлын ақша бопсалады деп айыптаған қазақстандық режиссерге айыппұл салынды
Жамбыл облысында 27 жастағы жігіт бүлдіршін кейпінде қалып өспей қалған (фото)
Дәрігерлер шарананы ана құрсағынан шығарып алып ота жасап, жатырына қайта салған (фото)
Жұмбақ сурет: Үш заттың ортақ ұқсастықтарын таба аласыз ба? (фото)
Министрлік: Колледж студенттері үшін оқу да, тамақ та, шәкіртақы да тегін болады