СҚО-да жоғалып кеткен 6 жасар баланың денесі табылды
Солтүстік Қазақстан облысында Ұлыкөл өзеніне батып кеткен 6 жасар баланың денесі табылды.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖД ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.
Еске салсақ, 5 шілде күні СҚО-дағы Старобелка ауылында 2010 жылы туған бала жоғалып кеткен болатын. Бала Ресейден анасымен бірге туыстарына қонаққа келген. Куәгерлердің айтуынша, 6 жастағы Матвей Буровик сағат 16:00-де үйден шығып кетіп, жоғалған.
“8 шілде күні 13:10-да жергілікті тұрғындар Ұлыкөл өзені жағалауынан белгісіз жағдайда көз жұмған баланың денесін тапты”, – деді Руслан Иманқұлов.
Баланы іздеуге 18 техника бірлігі, 160-тан астам адам жұмылдырылған болатын.
Оқи отырыңыз:
Алматы маңында «Алтын алқа» иегері сегіз баласымен далада түнеп жүр (фото)
Тұрғындар 7 жасар баланы зорлап жатқан педофилді өлтіріп қоя жаздады (видео)
Павлодарлық ару аттракционға мінемін деп өмірімен қош айтыса жаздады
ШҚО тұрғындары мәйітті үй ауласына көмбекші болған адамды видеоға түсіріп алды (видео)