Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да саңырауқұлақтан уланған әйел мен оның үш қызы бірдей көз жұмды

СҚО облыстық балалар ауруханасында саңырауқұлақтан уланған екі қыз көз жұмды.

0u763095d5-6c20f24b-1a9d39fa.jpg-682x682-pad

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

2 қазанда облыстық балалар ауруханасына Қызылжар ауданынан тағамнан уланған 5, 8, және 12 жастағы балалар жеткізілді. Қыздарды жан сақтау бөліміне жатқызды.

«Ауруханаға түскенде қыздардың барлығының жағдайы ауыр болды. Дереу интенсивті терапия жүргізілді. Қан орталығынан көп плазма жеткізілді. Тәулігіне әр науқасқа 1-2 литр плазма жұмсалды. Бактерияға қарсы терапия жүргізілді. Қыздар жан сақтау бөліміне түскеннен-ақ дәрігерлердің консилиумы өтті. Республикалық санитарлық авиация желісі бойынша  реаниматолог пен Қазақстанның бас токсикологы шақырылды», – деді Олег  Завьялов.

Науқастарда өкпе және бүйрек ақаулары пайда бола бастады. Балаларды өкпенің жасанды вентиляциясына көшірді.  Апалы-сіңлілердің ең кішісі – 5 жасар  Олеся 5 қазанда, 8 жасар Ксения 9 қазанда және 12 жастағы Татьяна 10 қазанда қаза тапты.  Қыздардың анасы үшінші қалалық аурухананың жан сақтау бөлімінде ажал құшты.

Жіберіп алмаңыз:

Арқалықта екі бала су қайнатқыштың кесірінен көз жұмды

Қазақстандықтар несиелерін жабу үшін ағза мүшелерін сатып жатыр

Дәрігерлер америкалықтың асқазанынан 15 см шаш тұтамын алып шықты

Жұрт 5 қап ұннан арқалап қара жұмыс істеген жігітке аяушылық білдірді (видео)

Талқылау