Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да өз анасын өлтірген азамат 11 жылға сотталды

Солтүстік Қазақстанда өз анасын ұрып өлтірген ер адам 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz 

Істі СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. 

Әжесін өлтірген әкесін кешіре алмаған айыпталушының жалғыз қызы үкімді тыңдауға келмеді. Сот отырысына қатысқан куәгерлердің мәліметінше, Юрий Бондарь кейінгі кезде ішімдікке салынып, анасын жиі ұрып-соққан. 

Прокурор анасын ұрып өлтірген Юрий Бондарьды 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда айыпталушы кінәсін мойындамай, өзін ақтауды өтінді. Дегенмен сот 59 жастағы ер адамды 11 жылға бас бостандығынан айырды.



"Юрий Бондарь жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтейтін болады. Үкім шығарарда сот оның бұрын сотталмағанын ескерген. Сондай-ақ ол түрмеде алкологизмнен мәжбүрлі түрде емделеді", – деді үкімді түсіндірген судья Айдарбек Беккужинов.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау