СҚО әкімі Міржақып Дулатовұлына арналған мемориал рұқсатсыз салынғанын мәлімдеді

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петровка ауылы маңындағы Міржақып Дулатұлының құрметіне қойылған мемориалдық кешеннің бүлінуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін әдебиет тарихшысы, сыншы және алаштанушы Заңғар Кәрімхан әлеуметтік желісіндегі парақшасында мемориалдың бүлінген суреттерін жариялаған еді.
Журналист Жамбыл ауданында Благовещенка мен Петровка ауылдарының арасынан Алаш қозғалысына арналған монумент орнатылған еді, бірақ кейін ол бұзылды, себебі неде деп сұрады.
Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте облыс әкімі кешенді салуға бастапқыда ресми рұқсат құжаттары болмағанын айтты.
"Монумент те, үй де барлық қажет рұқсаттар алынғаннан кейін ғана салынады. Бұл жерде ешқандай құжат рәсімделмегені анықталды. Аудан әкімінен сұрағанымда, құжаттар жоқ болғандықтан құрылыс тоқтап қалғанын айтты. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы кәсіпкерді жауапкершілікке тартты", – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.
Ғауез Нұрмұхамбетов кәсіпкер заң шеңберінде құжаттарды рәсімдеген соң құрылыс қайта жанданатынын айтты.
Қазақстанда көрнекті тұлғаларға арналған мемориалдық тақта орнату ережесі өзгертілетіні хабарланған еді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді