СҚО-да бруцеллез індеті 10 есе өскен: Ауыл тұрғындарының малы қырылып жатыр
Қазақстанның солтүстік аудандарында бруцеллездің өршуі байқалған. Ауруды жұқтырған сиырлардың саны былтырға қарағанда 10 есе көп, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасай отырып.
Ауыл тұрғындары олардан жаппай малдарын тартып алып, жойып жатқандарын жеткізді. Айтуларынша, бұл олардың жалғыз табыс көзі. Адамдар көктемнен бастап ветеринарлық қызмет аурудың өсуін тоқтата алмағанына көңілі толмайды.
“Сиырлардың осындай жаппай ауруға шалдығуы өршіп тұр. Бізде Толмачев, Асановода бәрі үнсіз отыр. Олар неге дабыл қақпайды? Карантин енгізіп, ауруды неге емдемейді?”, – дейді Михайловка ауылының тұрғыны Маргарита Кучерова.
Асаново ауылының тұрғыны Евгений Маргердің 8 бас сиыры өліп қалған.
"Мал бағу отбасының жалғыз табысы", – дейді ол. Енді отағасы төрт баланы қалай асырайтынына бас қатыруда.
“Жарты миллион теңгеден аса шығын шықты, барлығы 8 бас сиырымды тартып алды. Тиын-тебенге бір келісі 700 теңгеге кетіп жатыр. Бұл күлкілі ғой, қазір баға 1200 теңге, жас мал 1600 ге, ал бізде олар 700 теңгеге кетіп жатыр. Оларда белгілі бір жоспар бар сияқты”, – дейді Евгений Маргер.
Қызылжар ауданының мал дәрігерлері төрт ауылдан тұратын Асанов ауылдық округінде бруцеллез ауыруы биыл 10 есе өскенін айтты. Тек соңғы айларда 50-ге жуық жағдай анықталды. Мамандар аурудың өсуін тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз дейді. Тіпті ауылдарды карантинге жаппақ.
Қазақстанда 2022 жылғы зейнетақы мен ең төменгі жалақының мөлшері аталды