Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да 8 жыл құлдықта болған ер адам табылды

СҚО полициясы туыстарына 8 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адамды тауып берді. Іс-түссіз жоғалған СҚО тұрғыны Алматыдағы фермалардың бірінде жұмыс істеп жүрген жерінен табылды.

1985125

Бұл туралы Sputnik хабарлады.

Ер адам отбасындағы жанжалдан кейін құжатсыз пойызға отырып, Алматы облысындағы фермалардың бірінде 8 жыл уақытын өткізген.

Петропавл тұрғыны Виктор Прядкин 2008 жылы үйінен шығып, қайта оралмаған. Туған-туыстары оны 8 жылдан аса уақыттан бері іздестірген. Ұзақ уақыттан бері хабар-ошар ала алмағандықтан, олар Викторды өлдіге санаған.

Алайда күндердің күнінде Виктордың қарындасы Надежда Новоселова телефон нөмірі жазылған қағаз тауып алып, ақырында Виктордың оңтүстіктегі жеке-меншік шаруашылықтардың бірінде жұмыс істеп жүргенін анықтаған.

“Алматы облысындағы ауылдардың бірінде жүргенін біліп, сонда бардым. Шаруашылық иесінен кездесуді өтіндім. Екі ер адам Витяны джиппен автотұраққа алып келді. Олар бауырымның жағдайының жақсы екенін айтты. Тұрмысы жақсы, ет жеп жүр, әйелі де бар деді. Бірақ оны көргенде жүрегім дір ете түсті. Азып-тозып кеткен, тістері жоқ, ескі көртешесін киіп алған. Ал қойған сұрақтарымның бәріне «барлығы дұрыс» деп жауап берді», – деп айтып берді Надежда.

Жаны жай таппаған Надежда үйге оралған соң СҚО ІІД басшысы Берік Біләловке жүгінген.

«Бұған дейін ешқайда бармадым, ал өз бетіммен іздеуге мүмкіндігім болған жоқ. Алайда ағамның жағдайына алаңдап отырмын», – деді Надежда полицияның генерал-майоры Біләловқа.

ІІД басшысының нұсқауымен, қылмыстық іздестіру тобының қызметкерлері жедел түрде Викторды іздеуге кіріскен.

СҚО ІІД қылмыстық полиция басқармасы басшысының орынбасары, полиция полковнигі Балабек Жахин мен полиция майоры Тимур Исмағамбетов Виктор Прядкинді Алматы облысынан тауып, азаматтық некедегі әйелімен үйіне алып келді.

«Оның аман-сау табылғанына қуаныштымын. Алғысым шексіз. Полиция қызметкерлеріне, әсіресе СҚО ІІД басшысына ерекше рахметімді жеткізгім келеді», – дейді Виктордың қарындасы.

Ал Виктор сегіз жыл бұрын отбасылық жанжалдан кейін құжатсыз пойыз вагонына отырғанын айтып берді. Құжат тексерушілер мінгенде, ол Шу стансасына жақын жерден түсіп қалған. Әртүрлі жерлерде жұмыс істеп, ақырында осы фермаға тап болған. Онда Виктор 8 жыл бойы өмір сүріп, қазіргі азаматтық некедегі әйелімен танысқан.

Жіберіп алмаңыз:

8 жасар қызды педофилден құтқарған оқушы тегін оқудан бас тартты

Талдықорғандағы Назарбев мектебінде 18 оқушы астан уланып қалды

Жамбылда шетел жүргізушілерін тонаған полицейлер сотталды

Үйлері су астында қалған ақтөбеліктер биліктен жаңа пәтер талап етіп жатыр

Талқылау