Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Скляр мен Такиев "Еуразиялық топтың" директорлар кеңесіне кірді

Скляр мен Такиев Коллаж: Stan.kz

Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Қаржы министрі Мәди Такиев Eurasian Resources Group S.a.r.l. компаниясының директорлар кеңесінің құрамына кірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Компанияның 40% үлесіне ие Қазақстан үкіметінің өкілдері ретінде Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Васильевич Скляр, ҚР қаржы министрі Мәди Төкешұлы Такиев директорлар кеңесінің мүшелері", – делінген "Еуразиялық топтың" сайтында.

"Самұрық-Қазына" қорының директорлар кеңесінің мүшесі ретінде жасанды интеллекттің тағайындалуы заңсыз деп танылды


Скляр мен Такиевтен бөлек, директорлар кеңесінің құрамына "Еуразиялық топтың" бас атқарушы директоры әрі директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов, сондай-ақ Сабир Шодиев пен Эдуард Сурлевич кіреді.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 11 Наурыз, 2026 19:09