Сіз тұрмыста қолданып жүрген 11 зиянды зат (фото)
Күн сайын біз бір реттік майлықтарды қолданып, капсулалы аппараттан кофе ішеміз. Алайда олардың зиянын ескере бермейміз.
Капсулалы кофе
Капсулалы кофе – үй жағдайында ішугі арналған дәмді кофелердің бірі. Алайда, капсуланы дайындау күрделі жұмыс. Олар пластикалық және алюминийден тұратындықтан, дайындалу процесі экологиялық ортаға да зиян келтіреді. Жақында Германияның Гамбург қаласында қоғамдық орындарда капсулалы кофе аппаратын қоюға тыйым салды.
Косметикалық заттар
Тіс жуғыш пастаның құрамында пластикалық қоспалар көп. Пластиканың көп бөлігі жыл сайын 8 млн тоннадай теңізге құйылады. Бұл тң өтуге жарамсыз. Бұл қоспалар душка арналған гель мен скрабтарда да бар. АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама тұрмыстық және косметикалық пластикалық заттар өндірісіне тыйым салған. Европаның көп елі осы үрдісті ұстанады.
Тамақтануға арналған таяқшалар
Қытай таяқшалары жақында Азия ормандарын ағашсыз қалдырады. Жыл сайын 4 млн түп ағаш 57 млрд таяқша жасауға пайдаланылады. Сонымен қатар таяқшалар тыныс алуды нашарлатуы мүмкін химикаттарға толы.
Бір реттік майлық қағаздар
Майлық қағаздарды көп жағдайда унитазға тастап жатады. Бірақ оның құрамында пластик болғандықтан ол қағаз секілді ыдырай қоймайды. Сондықтан майлықтар қоқыс болып жағажаларға шығарылады.
Пластикалық пакеттер
Бұлар да күн сайынғы қоршаған ортаны ластаушы заттар. Жыл сайын 1 трлн пакет қоқыс болып, отқа жағылған соң да қалдықтары қалады. Сондықтан супермаркеттерде пакетке ақша төлеуді енгізді. Бұл аз да болса оң нәтижесін беруде.
Бір реттік батарейкалар
Батарейкалар кадмий, қорғасын және сынаптан тұратындықтан өртеген кезде зияны адам денсаулығына әсер етеді. Сондықтан олардың орнына қуаттандырғыш аккумулятор қолданған жөн.
Пакеттегі шай
Пакеттегі шайдық құрамында да пластик бар. Өндірісте олардың полиэтиленді қабын түрлендіріп шығарып жатыр. Бұл шай түрі тез демделетін болғанымен, тигізер зияны да бар.
Триклозан қосылған сабын
Қол жууға арналған сабындардың құрамында триклозан болады. Олар қолдың қатерлі ісігін тудыру мүмкін. Олар нарықта көптеп қолданылады. Сондықтан сатып аларда сабынның құрамын оқып алу артықтық етпейді.
Гормонды контрацептивті қалдықтар
Гормонды контрацептивті қалдықтар теңіздегі балықтарға әсер етеді. Оларды қолданыстан жоюға болмайды. Алайда, қажет емес жағдайда канализацияға ағызудың қажеті жоқ.
Полистиреннен қапталған материалдар
Полистиренсіз зат қаптауды елестеу мүмкін емес. Ал, соңында олар қоқыста қалады. Олар кішкентай жануарларға да зиян тигізеді. АҚШ-та полистиренді қолдануға тыйым салынған.
Бір реттік ұстаралар
Бір реттік ұстаралар өткіз жүзі үшін қымбат. Оның жүзін жасау үшін біршама шығын шығады. АҚШ-та жыл сайын 3 млрд ұстара қоқысқа тасталады. Экологияны таза ұстау үшін электр тоқпен жұмыс істейтін ұстаралар қолданған жөн.
Жіберіп алмаңыз:
Аргентиналық 64 жастағы актриса әрі тележүргізуші әйел жалаңаштанып суретке түсті (фото)
Таңғаларлық жағдай: Егіздердің дене түсі екі түрлі болып туылды (фото)
Бала Димаш қандай болды: Димаш өмірге келерде әжесіне аян берілген (фото)