Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сіз өгей шешесісіз бе?": Бірнеше күн бірге тұруға сұранған ұлына талап қойған қазақстандық келіншек сынның астында қалды

Әлеуметтік желіде Сана Исламова есімді әйел көпшілікті ер жеткен ұлдарымен бірге тұрмауға шақырды. Айтуынша, оның 21 жастағы ұлы 4 күн өзімен бірге тұруға сұранған. Бірақ анасы ұлының бұл өтінішін орындау үшін оған бірқатар талаптар қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Желі қолданушысы “ер жеткен ұлдарыңызбен бірге, уақытша болса да тұрмаңыздар” деп үндеу жасады. 

“Бүгін 21 жастағы ұлым 4 күнге менімен бірге тұруға сұранды. Айтуынша, көлігін жөндеуге беріпті. Ал мен менімен тұруы үшін оған бірнеше шарт қойдым. Мен төрт күн бойы оған тамағын дайындап, асырап, бағатын ойым жоқ. Кір жуатын машинаны жөндеп берсін, азық-түлік сатып алсын. Сонда бұл тең бағалы айырбас болады. Неге мен 21 жастағы ер жеткен ұлыма қызмет етуім керек? Иә, ол “мама, неге олай етесіз?” деп наразы болды. Кешіріңіздер, ол болашақ бір үйдің отағасы. Егер ол қазір өз анасына көмектеспесе, ертең әйелі де оған ренжиді”, – дейді келіншек.

Сана Исламованың бұл видеосы көпшіліктің ашуын туғызды. Видеоның астына пікір қалдырған олар ана үшін бала қай жаста болса сәби екенін, бұл әрекеті қатігездік екенін жазды.

“Ертең қартайсаңыз ол да дәл осыны істейді”, “Менің балаларым қандай жағдай болмасын, оларды шартсыз қабылдайтын анасы барын біледі”, “Менің анам осындай болса араласпас едім”, “Жалғыз баламды еркелетпегенде кімді еркелетемін”, “Иә, ол – еркек, бірақ ол сіздің балаңыз”, “Сіз оның өгей шешесісіз бе”, “Бұл қатігездік емес, аналық махаббаттың жоқтығы”, “4 күнге сұранды ғой, 4 жылға емес”, “Тәрбиелеу әдісіңіз бір түрлі екен”, “Мұндай анаң болса жау да керек емес”, “Қатігездік”, – деп жазды желі қолданушылары.

@sana.islamova.parapsy СагаИсламова#Парапсихолог#запишись на консультацию и узнай Правду о себе! Мальчик#мужчина#сепарация#взросление#ответственность#мужчина ♬ оригинальный звук - Sana.Umirzakova.Parapsy

 

Талқылау