Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сіз елемейтін сүт безі қатерлі ісігінің 11 белгісі

Сүт безі қатерлі ісігі – белгілері сырт көзге аса байқала бермейтін әйелдердің өміріне қауіп туғызатын ауру. Оның қауіптілігі де белгілерінің аса байқалмауында. Бүгін біз сіз елей бермейтін алайда өміріңізге қауіп туғызатын ауру белгілері жайында сөз етеміз.

a87ff679a2f3e71d9181a67b7542122c72

Бұл белгілер нақты сол ауруға шалдыққаныңызды білдірмейді. Десе де дәрігерге қаралып, тексерілгеніңіз де артық етпейді!

  1. Төстің тығыздалуы және шамадан тыс сұйықтықтың бөлінуіc4ca4238a0b923820dcc509a6f75849b117

Егер сіздің емшегіңіз жиі ауырып, сұйықтықтың бөлінгенін байқасаңыз (емшек сүтінен бөлек) бұл қатерлі ісіктің белгісі болуы мүмкін.

  1. Тері құрылысының өзгеруі

Мамандардың пікірінше, қатерлі ісіктің бұл түріне душар болған әйелдердің терісі апельсин қабығына ұқсас келеді.

  1. Үнемі ауырлықты сезінуc81e728d9d4c2f636f067f89cc14862c97

Кеуде тұсыңыз ауырып, ешқандай дәрі-дәрмек көмектеспесе оған жіті мән бергеніңіз жөн.

  1. Жөтелу мен қарлығу

Сүт безі қатерлі ісігінің бір белгісі – себепсізден себепсіз жөтелу. Бұл жағдайда оның суық тиюге не тұмауға қатысы жоқ.

  1. Қуық қалбыршағындағы немесе ішектегі өзгерістер

Дәретке уақытылы бармайсыз ба? Ішіңіз қатып немесе жиі ішіңіз өте ме? Ендеше сізге сүт безі қатерлі ісігіне тексерілу қажет.

  1. Әлсіздік

Сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан әйелдер тез шаршап шалдығады, әлсіз сезінеді. Бұл орайда олардың тәулігіне неше сағат ұйықтайтындары маңызды емес.

  1. Салмақ тұрақсыздығыeccbc87e4b5ce2fe28308fd9f2a7baf391

Соңғы уақыттары себепсізден себепсіз салмақ қосып немесе тастаған болсаңыз, дәрігерге қаралғаныңыз абзал.

  1. Қолтықтың астындағы ісік

Қолтығыңыздың астында түсініксіз жара немесе ісік пайда болса, тексерілген жөн. Себебі кеуде мен қолтық өзара байланысты. Қатерлі ісік дәл сол жерден бастау алуы мүмкін.

  1. Екі түрлі омырау

Өз омырауыңызға жіті назар салыңыз. Екеуі екі түрлі ме? Мұның себебін анықтағаныңыз абзал.

  1. Үнемі кеуде тұсының қышынуы

Кеуденің қышынуына бірнеше нәрсе себеп болуы мүмкін:

Кір жуғыш ұнтаққа аллергия;

Сүт бездерінің өсуі;

Лимфаның нашар айналуы немесе сұйықтықтың іркілуі.

  1. Арқаның жоғарғы жағының ауруы

Себепсізден себепсіз үнемі арқаңыз ауыратын болса, бұған көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Себебі денеңіздің ауруы ісіктің көлемін ұлғайтуы мүмкін. Одан бөлек, ауру асқынған жағдайда сүйектеріңізге зақым келуі ғажап емес.


Баспалдақтың көмегімен қалай арықтауға болады?

Талқылау