Сыйақы беруден бас тартқан: Сурдлимпиада ойындарының чемпионы Мәдениет және спорт министрлігіне қарсы сотта жеңіп шықты
30 қарашада елорданың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Мәдениет және спорт министрлігі мен Сурдлимпиада-2022 чемпионы Еркебұлан Қанафин арасындағы іс бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сот Қазақстан Республикасы әкімшілік іс жүргізу кодексінің 151-152, 154-155 баптарын басшылыққа ала отырып, өткен ойындардың алтын медалі үшін Қанафинге ақшалай ынталандыру төлеуден бас тарту туралы шешімді заңсыз деп таныды.
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі" мемлекеттік мекемесінің Қанафин Еркебұлан Қайратұлына ақшалай көтермелеу төлеуден бас тарту әрекеті заңсыз деп танылсын. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі" мемлекеттік мекемесіне Қанафин Еркебұлан Қайратұлына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы қаулысымен белгіленген мөлшерде ақшалай көтермелеу төлеу міндеттелсін", - делінген сот қаулысында.
Еркебұлан Қанафин сурдо дзюдодан 81 келі салмақ дәрежесінде алтын алған. Бұл ұлттық құрама сапындағы алғашқы алтын медаль, алайда Мәдениет және спорт министрлігінің түсініктемесінде бұл жетістік көрсетілмеген.
Министрлік "Еркебұлан Қанафин есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы ресми жарыстарға қатыспайды, ұлттық құраманың мүшесі, есту қабілеті нашар адам және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт ұйымдарына тіркелмеген" деп мәлімдеген. Осыдан кейін аталған министрлік Қанафин алған медальді мойындамайтынын ресми хабарлады.
- "Іштей күйіп бара жатса да, сыртқа көрсетпеуі мүмкін": Айсұлтанның өлімін Нұрсұлтан Назарбаев қалай қабылдады
- Мұхамедиұлының кінәсі дәлелденсе, Абаев отставкаға кете ме? Министрдің өзі жауап берді
- "Формалары әдемі, бірақ медаль жоқ": Қазақстан Бейжіңдегі олимпиададан неге құр алақан қайтты
Ұлттық сурдлимпиадалық олимпиадалық комитеті "Халықаралық сурдлимпиадалық комитетіне Канафинге қатысты ресми өтініш жасағанын және сарапшылар спортшының лайықты марапатын растады" деп түсіндірді.
"Олимпиада жүлдесіне қол жеткізу үшін мен қиын жолдан өттім, бірақ жеңістен кейін мені ең қиын сынақ күтіп тұрғанын елестетпеген едім. Министрлік маған түсініксіз себептермен мен туралы, денсаулығым туралы, сонымен қатар құлағында мүкісі бар жандардың арасында өткен ойындардағы жеңісім туралы жалған ақпарат таратып отыр. Заңгер Нұртаев Аблайханға рахмет, мәселем туралы БАҚ беттерінен оқи сала менің мүдделерімді тегін қорғауға келісті. Осындай азаматтардың және Қазақстан спортшылар одағының басшыларының арқасында біз бүгін лайықты жеңісті тойлап жатырмыз. Алда менің ар-намысымды қорғайтын тағы бір сынақ күтіп тұр", - дейді спортшы.
Еске салайық, ел ішінде Қанафиннің Бразилияда өткен сурдлимпиадаға қатысуына қатысты дау туғаны жазылған. Қазақстанның ұлттық Сурдлимпиада комитеті Халықаралық комитетке Еркебұлан Қанафинді ұсынып, 1) есту қабілетінде кемістігі бар спортшылардың ресми жарыстарына қатыспаған; 2) Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі емес; 3) естуінде кемістігі бар мүгедек емес; 4) физикалық мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық ұйымдарға кірмегенін мәлімдеген.
5 мамырда журналист Аслан Қаженов жеңімпаз спортшының бұған дейін мұндай жарыстарға қатыспағанын, тіпті ұлттық құрама тізімінде жоқ болып шыққанын жазған. Қаженов мұның барлығы жеңімпазға берілетін сыйақымен байланысты болуы мүмкін екенін пайымдаған.