AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Бразилияда өткен сурдлимпиадада алтын иеленді: Медаль айналасында дау туды

Қазақстан Бразилияда өткен сурдлимпиадада алғашқы алтын медальға қол жеткізді. Ең үлкен жүлдені елімізге Еркебұлан Қанафин сыйлады. Алайда ел ішінде Қанафиннің олимпиадаға қатысуына қатысты дау туды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Қазақстан чемпионатының хаттамасына сәйкес, 2021 жылы сурдо дзюдодан 81 келіге дейін салмақ дәрежесінде Айдос Түгелбаев (Жамбыл облысының тумасы, есту қабілетінде мүкістігі бар) чемпион атанды. Ол - Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі, 2017 жылы Самсунда (Түркия) өткен сурдолимпиада ойындарының қатысушысы, 2021 жылы Францияда өткен әлем чемпионатының 5-орын иегері.  
Онымен қоса, Қазақстан мәдениет және спорт министрлігігің 2022 жылғы 4 сәуіріндегі  №89 бұйрығына сәйкес, 1-15 мамыр аралығында Кашиас-ду-Сулда (Бразилия) өтетін 24-ші Сурдлимпиада ойындарына ел құрамасының қатарына қабылданған.



Алайда Қазақстанның ұлттық Сурдлимпиада комитеті Халықаралық комитетке Еркебұлан Қанафинді ұсынған.  Ол: 1) есту қабілетінде кемістігі бар спортшылардың ресми жарыстарына қатыспаған; 2) Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі емес; 3) естуінде кемістігі бар мүгедек емес;  4) физикалық мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық ұйымдарға кірмеген. 

Айта кетейік, Қазақстан Бразилияда өтіп жатқан Сурдлимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды.  

Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің өкілдері ұйымдастырушы комитетке Еркебұлан Қанафинді аталған жарысқа жібермеу туралы өтініш жіберген болатын. Алайда өтініш кері қайтарылды. Өйткені ойын ережесіне сәйкес, жарысқа өтінішті тек Қазақстанның ұлттық Сурдлимпиада комитеті бере алады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр