"Сыйақы алуға ұяламын": "Қазпошта" басшысы қанша жалақы алатынын айтты
"Қазпошта" АҚ басқарма төрайымы Әсел Жанасова мәжілісте өткен баспасөз мәслихатында табысы туралы ашық айтып, сыйақы алуға неліктен ұялатынын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
"Қазпошта" басшысы ай сайын 1,2 миллион теңге жалақы алады. Ол басқа ұлттық компаниялардың топ-менеджментінің жалақысы бірдей деңгейде екенін атап өтті.
"Қазпоштада дағдарысқа қарсы жоспар бар. 2023 жылы аз ғана пайда таптық. Сондықтан сыйақы мен бонустар алуға мүмкіндігіміз жоқ. Жаңа жылға сыйақы болмайды. Бес жылдық жоспарымыз бар. Бес жылдың ішінде пошта қызметін аяғынан тік тұрып, жоспарды орындасақ, оны қарастыруымыз мүмкін. Қазір ұят болды, мен үшін лауазымым емес, поштаның ұстанымы бірінші орында тұр. Көтерсек, бірінші кезекте ауылдардағы пошташылардың жалақысын көтеремін, оларға үстемақы төлеймін", – деді Әсел Жанасова.
Оның айтуынша, өткен жылы компания қызметкерлеріне үш рет, биыл екі рет сыйлықақы берілген.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"