Сиви мен Ренат ұшақтан құлай жаздап, бір ажалдан аман қалды
Жуырда «Соқыр махаббат» атты кинокартинасымен елді шулатқан Сиви Махмұди мен Ренат Басит ұшақтан құлап кете жаздаған. Қос өнер иесі киноның жарыққа шығуына бірнеше күн қалғанда бір ажалдан аман қалғандарын айтты.
Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.
«Ұшақ құлап кете жаздады. Бірінші Ренат бастады. Мен енді кішкене қайсар қызбын, «Ренат, не болды сонша? Қазір қалпына келеді, уайымдама», деп күліп отырғанмын. Аяғында мен бақырдым. Ол кезде Ренат менің үстімнен күлді. Кәдімгідей құлап кете жаздады.
Ол киноның тұсаукесері болмай жатып, 2-3 күн бұрын. Біз PR, PR деп жүргенде, нағыз PR осы болайын деп тұр деп ойладық. «Екеуі ұшақтан құлап, өліп кетті. Бишаралар, тұсаукесерін де көре алмай кетті» деген сияқты. Содан жаман қорықтық. Ренаттың қорыққаны соншалық, ұшақтың ішінде бақырды: «Жүрегім жарылып бара жатыр, Сиви», – деп», – дейді Сиви Махмұди.
Жіберіп алмаңыз:
Гүлзира Айдарбекова ботоксқа тәуелді болып қалғанын мойындады
Сейфуллин Жолбарыстың жары өзін “тоқал” деп сынайтындарға жауап берді
Қарақат: Сəби күткен əр шаңыраққа менің жүрегімдегі қуанышты тіледім
Парижде ән салған Димаш әлем жұлдыздарын таңдай қақтырды (видео)