"Өзім бірінші жаздым": Сиви Махмуди әнші Алмас Кішкенбаевпен жүргенін айтып берді

Танымал әнші Сивиетта Махмуди “Кездесуге” берген сұхбатында Алмас Кішкенбаевқа ғашық болғаны, онымен қыз бен жігіт болып жүргені жайлы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сұхбат барысында жүргізуші әншінің әлеуметтік желіде “Алмас Кішкенбаев – менің махаббатым” деген мазмұнда Stories жариялағанын еске салып, осы оқиғаға қатысты сұрақ қойды. Сиви Махмуди әншімен шынымен қарым-қатынаста болғанын, алайда мұның “балалық сезім” болғанын айтты.
“Бұл бұрын болған оқиға, тіпті оны бір жағынан хайп деуге де болады. Алмас – негізі менің досым. Оны 15 жасымнан бері танимын. Екеуміз ол Super Star-ға қатысқан кезде танысқан едік. Мен Шымкентте тұрдым, ал ол Алматыда болды. Бізді ортақ танысымыз таныстырған. Сол кезде менің өнерге деген қызығушылығым енді оянып келе жатқан кез еді. Жас болған соң ұнату да, балаң сезім де болады ғой, біздің арамызда сондай балалық махаббат болды”, – деді әнші.
Өнер иесі Алмас Кішкенбаевты сырттай ұнатып, оған өзі бірінші болып жазғанын жасырмай, сол шақтағы қызық естеліктерін де айтып берді.
“Мен кішкентайымнан өте пысық қыз болдым. Алдыма бір мақсат қойсам, соған жетпей тынбайтынмын. Махаббатта да солай еді, біреуді ұнатсам, соңына дейін баратынмын. Ортақ танысымыз арқылы Алмастың нөмірін сұрап алып, оған бірінші болып өзім жаздым. Тіпті Алмастың суретін алып, фотошоппен екеуміздің суретімізді құрастырып, шығарып алып бөлмеме іліп қоятынмын. Оған хабарласып, “Қалың қалай, мен сенің қарындасыңмын” деп өзімді қалжың-шыны аралас таныстырып, түрлі сылтаумен кездесуге шақыратын едім.
Сиви Махмудидің сөзінше, олар дос болып араласқан, Алмас Кішкенбаев тіпті оның қолынан ұстамаған.
“Осылай-осылай кездестік, дос болып араластық, байыпты қарым-қатынас болды деп айта алмаймын. Бірақ бала махаббат болды, жүрдік. Бірақ қол ұстасып та көрмегенмін. Біріншіден, тәрбие. Екіншіден, Алмасқа да рақмет айтамын. Қолымнан да ұстамаған. Кейін жақсы достар ретінде қалуымыз керек екенін түсіндім”, – деді ол.
Әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі 5 жылға сотталды
Әнші Сиви Махмудидің экс-күйеуі алаяқтық жасағанын мойындады
Айта кетейік, бұған дейін Сиви Махмуди жас жігітпен көзге түскені хабарланған еді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған