Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға Иран аумағынан кетуді ұсынды

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Иран Ислам Республикасы төңірегіндегі жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрлік Иран Ислам Республикасының төңірегіндегі шиеленістің сақталуына байланысты Қазақстан азаматтарына жағдай тұрақталғанға дейін Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынады.
“Қазір Иран аумағында жүрген Қазақстан азаматтарына елден мүмкіндігінше шығып кетуді, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын барынша сақтауды, қырағылық пен сақтық танытуды, жаңалықтарды қадағалап отыруды және жергілікті билік органдарының ұсынымдарын мүлтіксіз орындауды ұсынамыз”, – делінген министрлік хабарламасында.
Сонымен қатар министрлік қазақстандықтарды Таяу Шығыс елдеріне сапарларды жоспарлау барысында қазіргі жағдайды және оның күрделілену қаупін назарға алып, жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Қазақстанның Ирандағы дипломатиялық мекемелері штаттық режимде жұмыс істеп тұрғаны атап өтілді. Қосымша әрі жедел ақпарат алу үшін Иранда жүрген Қазақстан азаматтары мен олардың Қазақстандағы туыстары үшін байланыс желілері ашылған.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ әскері Иранға соққы жасау үшін дайындығын аяқтағаны туралы жазған едік.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"