Сыртқы істер министрлігі Израиль мен Иран арасындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Израиль мен Иран төңірегіндегі жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан билігі қақтығысқа қатысушы тараптарды барынша ұстамды болуға шақырды.
Израиль әлем бойынша барлық елшіліктерінің жұмысын тоқтатты
“Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс өңіріндегі қауіпті әскери шиеленіске байланысты өз алаңдаушылығын білдіреді және қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес тек саяси-дипломатиялық жолмен тез арада реттеуді құптайды”, – делінген ресми хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Израиль Иранға әуеден соққы жасағаны туралы жазған едік. Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстанның Израильдегі елшілігі арнайы үндеу жариялады.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті