Сириядағы соғыс: Қарулы топтар тұтқындарды босатуға қатысты келіссөз жүргізіп жатыр
Сирия әскері тұтқындағы оппозиция өкілдерін босатуы мүмкін. Үкімет жақтастары мен қарулы топ қазір Елордада шешіп жатыр, – деп хабарлайды КТК арнасы.
– Студия: Қайырлы кеш Досжан! Астана процесіне қатысты соңғы ақпараттармен бөліссең.. Тараптар қандай да бір келісімге келді ме?
– Әзірге келісім туралы айту ертерек. Өйткені, әр тараптың өз шындығы бар. Оны енді алдағы екі күнде дәлелдеуге тырыспақ. Бүгін бір үстелдің басына жиналғандар әуелі екі жақты кездесулер өткізді. Бір-біріне қояр талаптарын оңаша айтты. Сөйтіп,даулы мәселелерді алдымен өзара пысықтап алуға тырысты.
Негізі жиында талқыланып жатқан мәселе көп. Яғни, бұған дейін осы келіссөздерде қол жеткізілген келісімдердің қалай орындалып жатқаны жан-жақты сөз болып жатыр. Өйткені, үкімет пен оппозиция оқ атуды тоқтату туралы келісімді бұзды деп бір-бірін әлі айыптауда. Сондай-ақ халықаралық терроризммен күрес және тұтқындарды босату мен қаза тапқандардың денесін беру мәселесі шешімін табуы тиіс.
Александр Лавреньтев, Ресей президентінің Сирия мәселесі бойынша арнайы өкілі:
– Бүгін екі жақты келіссөздер ғана өтіп, тараптардың талаптарын тыңдадық. Енді оны ортақ талқыға саламыз. Ал, Ресей Сирия халқының конгресін өткізуді ұсынып отыр. Соғысты бейбіт жолмен шешуге бағытталған жиын қарашада Мәскеуде өтуі мүмкін.
– Түсінікті Досжан, ал Астана процесіне қатысып жатқан оппозицияның қояр талабы қандай?
– Иә, тек қана опоазиция емес, барлық тарап қазір осында. Яғни, Сирия президент Башар Асадтың жақтастары мен оған қарсы соғысып жатқан топтың өкілдері де.
Оны Ахмад Берри бастап келген. Мәліметтерге қарағанда осы қарулы топ негізінен тұтқындарды босату мәселесін көтеріп жатыр. Өйткені, Сирия үкіметі қазір мыңдаған тұтқынды ұстап отыр екен. Енді осы қамауда отырған адамдарды алмасу мәселесі ертең жан-жақты талқыланып, тіпті, тиісті құжат та қабылданып қалуы әбден мүмкін. Сондай-ақ жиынға Ресей, Түркия, Иран секілді кепіл беруші мемлекеттер мен бақылаушы ретінде Біріккен Ұлттар ұйымы және АҚШ пен Иордания мемлекеттері қатысуда. Ал, бұған дейінгі процестерде тараптар Сирияда оқ атылмайтын төрт қауіпсіз аймақ құру туралы келісімге келген. Енді бұл жолғы жиынның нәтижесі ертең белгілі болады.
Жіберіп алмаңыз:
Алматы тұрғыны өзін мүгедек қылған дәрігерлермен соттаспақ
Ақтау әкімдігі атауын латын тіліне ауыстырды
«ҚазАвиаҚұтқару» мен «ҚазАвиаОрманҚорғаудың» басшылары бюджет ақшасына шалқып өмір сүрген