Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сириядағы террорлық ұйымдардың қатарында болған екі қазақстандық қамауға алынды

Сириядағы террорлық ұйымдардың қатарында болған екі Қазақстан азаматы қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚР ҰҚК

Мәліметтерге сенсек, ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп-тексерген Қазақстанның екі азаматына қатысты қылмыстық істер бойынша сот процестері аяқталды.

"Олар 2020-2022 жылдары Сириядағы террорлық ұйымдардың қатарында болған. Шетелдік әріптестермен бірлесе жүргізілген операциялардың нәтижесінде олар шетелде табылған, елге жеткізіліп, қамауға алынды. Олардың біреуі Түркістан облысының тұрғыны, террористік топтың әрекетіне қатысқаны үшін кінәлі деп танылған (Қылмыстық кодекстің 257 бабы, террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу).

Екінші ұсталған адам Атыраудың тумасы. Мұндай қылмысты жасағаны және шетелде террорлық дайындықтан өткені үшін сотталған (Қылмыстық кодекстің 260 бабы, террористік немесе экстремистік даярлықтан өту). Екі фигурантқа да әртүрлі жаза өтеу мерзімі тағайындалып, үкімдер заңды күшіне енді.



Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның Алматы, Қостанай және Жетісу облыстарындағы түзеу мекемелерінде он тұтқын теракт жасамақ болған. 22 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Алматы облысы прокуратурасының келісуімен үш өңірдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қылмыстық іс-шаралардың жолын кесті. Нәтижесінде радикалды діни идеологияны жақтайтын 10 адам ұсталды

Талқылау