"Сириядағы террористік ұйымды қаржыландырған": Астанада 8 адам сотталды
Сот үкімімен Астананың 8 тұрғыны террористік қызметпен айналысқаны үшін 7 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Прокуратураның мәліметінше, террористік топтың мүшелері Сирия аумағына қоныс аударуды және Қазақстанда басқарудың теократиялық жүйесін орнату қажеттілігін талқылаған.
Сондай-ақ топтың жетекшісі Сирияда соғыс қимылдарын жүргізетін террористік ұйымды қаржыландыруды ұйымдастырған.
Атырау облысында оқушы мектептерге террористік шабуыл жасалады деп қорқытқан
“Мемлекеттік айыптаушымен сотталушылардың кінәсі дәлелденді. Астана қаласының прокуратурасы исламдағы радикал идеяларды насихаттайтын интернет-сайттар мен орындарға барудан сақтануға шақырады”, – делінген хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Еске салсақ, бұған дейін Шымкент тұрғынының TikTok желісінде "терроризмді насихаттады" деген айыппен жеті жылға сотталғаны туралы жазған едік.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”