Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Сирияда біреулер Башар Асадтың әкесінің сүйегін ұрлап кеткен

Видеодан скриншот

Cирияны отыз жылға жуық басқарған Хафез әл-Асадтың денесі Қардах қаласындағы отбасылық кесенеден шығарылып, белгісіз жерге жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Syria.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Желіде Сирия экс-президентінің зиратының қазылып жатқан видеосы пайда болды. Кадрларда Асад қабірінің ішінде әскери киім киген бірнеше ер адамның тұрғанын көруге болады. Кейбір құлпытастар жоқ.

Сирия телеарнасының хабарлауынша, вандалдар Латакия провинциясының қарулы топтарымен байланысы болуы мүмкін. Ал кейбірі мәйіттерді Башар Асадтың жақтастары эксгумациялауы мүмкін екенін, осылайша оларды қорлаудан қорғағысы келгенін жазады.


Башар Асад биліктен кетер алдында 500 мың доллардай қолма-қол ақша мен құпия құжаттарды шетел асырған


Сирияның жаңа билігі Ресейден Башар Асадты қайтаруды және өтемақы төлеуді талап етті – БАҚ


Бұл – отбасылық кесенеге жасалған алғашқы шабуыл емес. 2024 жылы желтоқсанда Башар Асад отставкаға кеткеннен кейін бірнеше күн өткен соң белгісіз біреулер қабірді өртеп жіберді.

Хафез әл-Асадтың әйелі Аниса Махлуф пен үлкен ұлы Базил де кесенеде жерленген. Олардың жерленген жеріне зақым келген-келмегені белгісіз.

Еске салайық, бұған дейін "Хайят Тахрир аш-Шам" содырлар тобы Сирия президенті Башар Асадтың елден кеткенін және Дамаск астанасын басып алғанын мәлімдеді. Дамасктегі көтерілісшілер мемлекеттік телеарна эфирінде жеңіске жеткендерін жариялады. Сириялық содырлар мемлекеттік телеарна мен Дамаск радиосы арқылы эфирге шығып, президент Башар Асад режимін құлатқандарын және саяси тұтқындарды босатқанын хабарлады. 

Содан кейін Сирияда содырлар Башар Асадтың әкесі жатқан зиратты өртеп жіберген еді. 

Қырмызы Скендирова
Сәрсенбі, 30 Сәуір, 2025 08:17
Талқылау