Siri мен Алиса қазақ тілінде сөйлей ме – Мәжіліс депутаты жауап берді
Мемлекет тарапынан қазақ тілі корпусын қалыптастыру бойынша едәуір жұмыстар атқарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото ашық дереккөздерден алынған
"Әртүрлі контексте қолданылатын миллиондаған сөздер мен сөз тіркестері құрастырылды. Себебі жасанды интеллект жүйесі олар болмаса, қазақ тілінде тиімді жұмыс істей алмайды. Ауқымды жұмыстар атқарылып, бірнеше ондаған миллион қазақ тілді корпусын құрап отыр", – деді мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов.
Мәжіліс депутаты алынған деректерді қазақ тіліндегі жұмысын жеделдету үшін АИ платформаларын әзірлеушілерге беруді ұсынды.
Еске салайық, Қазақстанда Siri мен Алисаның баламасы — Айсана есімді виртуалды дауыстық робот құрылады. Ол мемлекеттік тілде сөйлейтінін жазған едік.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде