"Сыңсуды әкесі айтты ма": Алматыда 350 ер адам қатысқан имамның тойы талқыға түсті

Видеодан скрин
Алматыда 350 ер адам қатысқан имамның тойы талқыға түсті. Желідегілер бұл қыз ұзату тойы деп топшылаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тойдың видеосын желіге асаба жариялаған. Видеода тойханадан тек ер адамдарды байқауға болады. Той қонақтарының арасында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да бар.
Видеоны жариялаған асабаның айтуынша, той зиялы қауым өкілдерінің басын қосып, шариғат талаптарына сай ұйымдастырылған.
Желі қолданушылары тойда әйел адамдардың болмағанына таңғалды.
"Бұл қайдан шыққан дәстүр?", "Ақ жаулықты аналарымыз қайда?", "Қызды демейтін жеңгелеріміз көрінбейді?", "Сыңсуды әкесі айтты ма?" деген түрлі пікір қалдырды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан