Синоптиктер наурыз айында ауа-райының қандай болатынын мәлімдеді
Қазақстанның оңтүстігіне көктем уақытылы келсе, солтүстігінде қыс мезгілі әлі аяқталуға асықпайды.
Қазгидрометтің мәлімеінше, бірінші онкүндіктің басында және соңында Ресейдің Еуропалық аумағынан келетін суық антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн едәуір суытатын болады.
Республиканың кейбір аудандарында фронталдық бөлімдердің өтуіне байланысты (жаңбыр, қар), оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы:
солтүстік бөлігінде түнде 20…28 дейін аяз, күндіз 10….18 дейін аяз;
оңтүстік бөлігінде түнде 0…8 дейін, күндіз 0…5 жылы болып төмендейді.
Бірінші онкүндіктің ортасында оңтүстік циклонның шығуына байланысты еліміздің басым бөлігінде кей жерлерде екпінді жауын-шашын (басымырақ қар) және температураның жоғарылауы күтіледі.
Осылайша ай бойы бірнеше рет күн суытады. екінші онкүндіктің ортасында, үшінші онкүндіктің басы мен аяғында күн суық болады.
Ай ішіндегі орташа ауа температура нормадан жоғары 1…20С дейін болады деп күтіледі, тек Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстанда, Қостанайдың басым бөлігінде және Ақтөбенің солтүстігінде нормаға жуық болады деп болжанды.
Жауын-шашынның айлық мөлшері Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Қарағанды мен Ақтөбенің оңтүстігінде нормаға жуық, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында нормадан асады деп болжанды.
Айлық болжам, 60-65% ықтималдылықпен беріліп, консультативті сипатқа ие, ол 7 және 3 тәулікке түзетілетін болады.
Тағы да оқыңыз:
Астанада министрлер, шенеуніктер мен депутаттар қазақ тілі курстарына жаппай ағыла бастады
Жамбыл облысындағы ауылдарды топан су басып, көліктерді ағызып әкетті