Қазақстанда көктемде ауа райы қалай болады: Синоптиктер болжамы жарияланды
Қазгидромет ел аумағы бойынша наурыз-мамыр айларына арналған маусымдық ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: unsplash
Наурыз айында Қазақстанның солтүстік облыстарында суық ауа райы сақталады. Қар жауып, бұрқасын, көктайғақ пен тұман кболады. Бұл күндері температура фоны төмен түсіп, түнде аяз 15-25 градусқа дейін жетеді.
Елдің солтүстік, орталық және шығысында бірінші онкүндікте ауа температурасы күндіз 2-7 градусқа дейін жылы болады. Айдың үшінші онкүндігінде ауа райы 5-15 градусқа дейін жылынады.
Ал наурыз айында Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-батыс өңірлерінде жауын-шашын жиі жауады. Ауа температурасы түнде 0-10 градустан +3+8 градусқа дейін, күндіз 0+10 градустан +10+18 градусқа дейін жетеді.
Наурызда бір айдағы орташа ауа температурасы Қазақстан аумағының басым бөлігінде қалыпты болады. Елдің оңтүстік-шығыс бөлігінде нормадан 1° жоғары болады деп күтілуде. Наурыз айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде - нормадан көп, Қазақстанның оңтүстік-батыс, солтүстік-батыс бөлігінде норма шамасында болжанады.
Сәуір және мамыр айларында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1° жоғары болады деп күтілуде, тек мамырда елдің солтүстік-батыс жартысында температуралық фон нормаға жуық болады.
Мамандар сәуір айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады деп отыр. Солтүстік-батысында жауын-шашын аз, елдің оңтүстік, оңтүстік – шығыс, шығысының таулы аймақтарда жиі болады. Мамыр айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде болады деп болжануда.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда ауа райына байланысты рейстер кешігіп жатқаны туралы жазған едік.
Алматы облысында кәсіпкер қараусыз қалған ғимаратты қалпына келтірген, алайда әкімдік оны тартып алған