Синоптиктер алдағы 3 күнде Қазақстанда күн күрт суытады деп болжайды
Қазақстанның көптеген облыстарында 11-13 қазан күндері ауа температурасы 0 градусқа дейін төмендейді. Бұл климаттық көрсеткіштен 3-6ºС-қа төмен болып отыр, деп хабарлады «Қазгидромет» ОБМ.
«Қазақстан аумағынан өтетін атмосфералық бағыттар алдағы үш күнге республикадағы ауа-райына әсерін тигізеді. Көптеген облыстарда жаңбыр, тіпті, қар жауып, кей жерлерде көктайғақ және тұман болады деп күтілуде. Күндізгі ауа температурасының өзі 0 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Ол қалыпты климаттық көрсткіштен 3-6ºС-қа төмен болып отыр», – делінген дүйсенбі күнгі хабарламада.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 12 қазаннан бастап жаңбыр жауады. Ал 13 қазан күні жауын тіптен үдей түседі. Ауа температурасы да қалыптағыдан 3-5ºС-қа төмен болмақ.
«Тек еліміздің батыс өңірінде алдағы тәуліктерде жауын-шашын мөлшері аз болады. Одан кейін антициклонның әсерінен жауын-шашын болмайды, бірақ күн суытады. Жексенбі күні 20-25ºС болғанына қарамастан, алдағы күндері күндізгі ауа температурасының өзі 5-13ºС-тан аспайды», – делінген хабарламада.
Жіберіп алмаңыз:
Қарағандыда әкімдіктің алдына жылқы баққан адамға айыппұл салды
Қарапайым асханадан тамақтанған Семей әкімін желі қолданушылары сынға алды
Күйеуінен оңбай таяқ жеп, адам сенгісіз қорлық көрген әйел халықтан көмек сұрады