Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Синоптиктер алдағы демалыста қай аймақта күн суытатынын айтты

"Қазгидромет" еліміз бойынша алдағы үш күн 2-4 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанның кей аймақтарында күннің күрт салқындауы байқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Синоптиктердің мәліметінше еліміздің аймақтарында кейбір өңірлерде күрт суық түссе, кейбір аймақтарда жылы ауа райы байқалады.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде кезеңнің соңына қарай ауа температурасы:

  • түнде 0-7°с-қа дейін:
  • күндіз -2°С-қа дейін, +5 °С-қа дейін

елдің орталығында, шығысында ауа температурасы:

  • түнде 0+8°С-қа дейін:
  • күндіз +8+13°С-қа дейін көтеріледі.

ал оңтүстігінде, оңтүстік шығысында ауа температурасы:

  • түнде +3+13°С-қа дейін:
  • күндіз +15+22°С-қа дейін болады.

Гидрометеорологиялық орталықтың мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр мен қар жауады.

"Тек 2-3 қарашада оңтүстік-шығыста, 3-4 қарашада елдің шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Батыста, солтүстік-батыста, оңтүстік өңірлерде тұман, солтүстікте, орталықта екпінді жел, көктайғақ болжанып отыр", – деп қорытындылады синоптиктер. 

Талқылау