Синоптиктер алдағы демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты
Алдағы демалыс күндері елімізде аяз бәсеңдей бастайды. 23-25 қараша күндеріне ауа райы болжамын жасаған синоптиктер осылай дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап.

Мамандар 21-22 қараша климаттық қыстың басы болып саналатынын айтады. Алайда Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс аймақтарының тұрғындары үшін қыс ерте келіп қана қоймай, аномальды аяздармен басталып, оңтүстік облыстарға да тарады.
Алдағы демалыс күндері мемлекет аумағына солтүстік теңіздерден суық және дымқыл ауа түсуін жалғастырады. Сондықтан еліміздің басым бөлігінде бұлтты ауа райы болады деп күтіледі. Сонымен қатар кей жерлерде қар жауып, бұрқасын болады. Ал солтүстік-шығыстан екпінді жел күтіледі.
Синоптиктердің болжамынша, аяз бәсеңдей бастағанымен, ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен төмен сақталады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"