Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сіңлің қара жамылып отыр": Баян Мақсатқызы жартылай жалаңаш фотосын көрсетіп, халықтан сөз естіді

Жақында күйеу баласынан айырылған Баян Мақсатқызының іс-әрекеті көпшілікке жақпай қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Продюсер қыс айында Дубайға көшіп кеткен еді. Жеке парақшасына жағажайда түскен фотосын жүктеді. Желі қолданушылары продюсердің әрекетін қатаң сынады. 

“Ештеңе түсінбейтін әйел екен”, “Кеше ғана сіңлісі күйеуінен айырылып, қара жамылып еді”, “Бұлардың өмір салттары қызық”, “Тас түскен жеріне ауыр”, “Фотода тұрған ештеңе жоқ. Тірі адам тіршілігін жасайды”, “40 күндігін күтуі керек”, – деп жазды көпшілік.



Айта кетейік, продюсердің сіңлісі Бағым Мұхитдинованың жары, музыкант Әділжан Юсупов дүниеден өткен еді. 

“Біздің соңғы рет бірге түскен фотомыз. 23 жыл көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Осы әнді саған ғана арнап орындағаным ұнайды деп ойлаймын" – деп жазған еді Бағым. 

 

Талқылау