SIM-картаны жалға беріп 5 миллион теңге тапқан: Қостанай облысында тұрғын алаяқтық үшін жауапқа тартылды
Қостанай облысында тұрғын 35 SIM-картаны алдын-ала белсендіріп, WhatsApp желісіне тіркеп, кейін сатқан. Ол сол арқылы адамдардан 5 миллион теңге тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция дерегінше, күдікті бірнеше ай бойы ұялы байланыс операторларының SIM-карталарын белсендіріп, оларды WhatsApp желісіне тіркеген.
“Сосын бұл карталарды Telegram арқылы жалға берген. Алдын ала деректерге сүйенсек, ол шамамен 35 SIM-картаны жалға беріп, бұл әрекеттен 5 миллион теңге табыс тапқан. Оның SIM-карталарын пайдаланып, алаяқтар Қостанай мен Тобыл қалаларының тұрғындарын "Сізге сәлемдеме келді" деген сылтаумен алдап, 2 миллион теңгеден астам зиян келтірген”, – делінген хабарламада.
-
Астанада бір пәтер 7 рет сатылған: Алаяқтарға алданған тұрғындар үйінен айырылып қаламыз деп отыр
-
50-ден астам адамды алдаған: Қарағандыда құрылыс компаниясының басшысы сотталды
Полиция күдіктіден дәлел ретінде құрылғылар мен SIM-карталарды тәркілеп, ол кінәсін мойындады. Қазір бұл факт бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
