"Сиыр терапия трендке айналды": АҚШ-та шаруа қожалығының иелері адамдарға жаңа қызмет түрін ұсынып жатыр
Фото: Jessica May Hoffman/Sunset View Creamery
АҚШ-та сүт өнімдерінің бағасы төмендеген соң, жергілікті шаруа қожалықтарында фермерлер табыс табудың жаңа жолын ойлап тапты. Олар адамдарға сиырларды ақылы түрде құшақтауды ұсынып, қызмет түрі танымалдыққа ие болып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі The Washington Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фермерлердің айтуынша, сүт өндіру мен сату табысы азайды. Сол себепті олар қосымша табыс көзін іздеуге мәжбүрміз дейді.
Бәрі сиыр етінің әсерінен: Сауда министрлігі азық-түлік бағасына не болып жатқанын айтып берді
"Сиыр етінің келісі 6000 теңгеге жетті": Қазақстанда ет бағасының өсуіне не себеп болды
Бұл қызмет алғаш рет 2020 жылы пандемия кезінде таныла бастаған. Фермерлер 30 минуттық сеанстар өткізеді. Қорада классикалық музыка қосылып, келушілер бұзауларды сипап, құшақтай алады.
Фермерлердің айтуынша, бұл қызмет түрі қызығушылық күн санап артып келеді. Ал келушілердің сөзінше, жануарлармен байланыс орнату оларға тыныштық пен жайлылық сыйлайды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда сиыр етінің қымбаттауына байланысты жедел желі іске қосылғаны туралы жазған едік.
"Әсіресе аяғы ауыр әйелдер мен балаларға өте қауіпті": "Гонконг" тұмауын кәдімгі тұмаудан қалай ажыратуға болады