Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Антикор Нұрәлі Әлиевтің қатысы бар ескерту жүйесін тексеретін болды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматыда жер сілкінісі туралы ескерту жүйесіне қатысты жағдайды тексеру басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: lichnosti.net

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғам белсенділерінің үндеуін тіркегенін хабарлады.

"Біз ақпараттан хабардармыз, әріптесіміз, қоғамдық кеңес мүшесі Дидар Смағұловтың жазбасын оқыдық. Осы факті бойынша агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті қоғамдық бірлестіктің өтінішін тіркеді. Тексеру үшін уәкілетті органға жіберілді. Олардың қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданып, ол туралы БАҚ пен жұртшылыққа хабарланады", - дедә ресми өкіл Арман Тілеукенов.

Оның айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сотқа дейінгі тергеу органы ретінде тексеру жүргізуге құқы жоқ.

"Біз материалдарды тиісті уәкілетті органға тексеруге жіберіп жатырмыз. Бұл мемлекеттік аудит департаменті болуы мүмкін. Осы тергеуден кейін тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылдаймыз", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов әлеуметтік желідегі парақшасында 2023 жылы алматылық төтенше жағдай департаментінің қызметі жер сілкінісі туралы алдын ала хабарлау жүйесін автомандару үшін 1 120 538 143 теңге қаржы жұмсағанын жазған еді. 

Сондай-ақ 1,1 млрд теңге тұратын зілзаланы ерте ескерту жүйесі қызметін ұсынатын компания Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Алиевке тиесілі екені белгілі болды. 

Ал Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиевпен байланысы бар зілзала туралы ерте хабар беру жүйесіне қатысты пікір білдіріп, ол сынақ кезеңінде екенін мәлім етті. 

 

Талқылау