Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Майонездің денсаулыққа зиянды екені рас па

Майонез калориясы көп тағамдардың символы іспетті. Бұл қаншалықты рас?

Майонездің денсаулыққа зиянды екені рас па

Бастапқыда майонез зәйтүн майы мен жұмыртқаның сарысы, сірке суы мен дәмдеуіштер қосылып жасалған.

Майонездің зиянды деп саналуының басты себебі – оның құрамында май көп. Майдың көптігі алушыларды шошытпас үшін өндірушілер құрамында майы аз арнайы жеңіл майонездер шағарады. Мұндай майонездер сымбатыңызға ғана емес, денсаулыққа да зиянсыз секілді көрінеді. Алайда, өндірісте төмен калориялы соустарға зиянды жануарлар майынан бөлек өсімдік майларын да қоспайды. Оның орнына түрлендірілген крахмал, эмульгатор мен желатиндер қолданылады.

Әдетте майонез құрамындағы осындай қоспалардан денсаулыққа зиян болады. Күнделікті тұтынған сайын ағзадағы бауырға көп салмақ түседі. Майонез құрамында E415, E440 стабилизаторлары, E1414 және E1422 қоюландырғыштары кездеседі. Олар асқазан ауруларына шалдықтыруы, E301, E302, Е951 – 959 тәттілері тіс эмальдарын құртуы мүмкін.

Е951 қоспасын зияндылығы үшін көптеген елдерде тұтынуға тыйым салынған. Мәліметтерге сүйенсек, ол қанттың орнына қолданылатын тәтті. Оның тәттілігі кәдімгі қанттан 200 есе көп. Мұндай қоспасы бар майонездерді ыстық тағамға, сорпаларға қосуға болмайды. Ол адам ағзасын әлсіретіп, жүректі айнытады, бас ауыртып, көз жанарын нашарлатады. Диетаман тамақтанатын адамдарға тіпті кері әсерін беруі мүмкін.

Сондықтан майонезді аса сақтықпен таңдаған жөн. Майонез сыртында жазылған құрамын оқыңыз. Этикетте ГОСТ талаптарына сәйкес екені жазылуы керек. Майонездерді Е қоспасы азын алыңыз. Е951 қоспасы барын алмауға тырысыңыз. Негізінен зәйтүн майынан жасалған майонездер пайдалы. Егер тауар сыртында «ГМО жоқ» деп жазылса, өндірушінің өз өнімінің сапасына немқұрайлы қарамайтынын білуге болады.

Сонымен қатар, құрамында сірке суы көп майонездер де адамның ас қорыту жүйесіне зиян келтіреді. Диетологтар майонезді сүйіп жейтіндерге оның зәйтүн майынан, қышадан, жұмыртқадан жасалғанын алуға кеңес береді. Олардың еш зияны жоқ. Тек құрамында майы көп. Майонезді шамадан тыс көп тұтынбаңыз. Күніне бір асқасық майонез тұтыну жеткілікті. Күнделікті ас мәзірінде май 60-80 грамнан аспауы тиіс.


Тағы оқыңыз: Судың пайдасы: күніне қанша су ішу керек

Талқылау