Шыңғыс ханның еуропалық тұқымға жататыны анықталды
Моңғолия мен Оңтүстік Корея генетиктері Шыңғыс ханның генінде еуропалықтардың қаны бар екенін анықтады. Олар Таван-Толгой аймағынан табылған және Моңғол империясының негізін қалаған отбасы мүшелерінің мүрделерінен генетикалық анализ алған.
Ғалымдардың зерттеу нәтижелері PLOS ONE журналында жарияланған. Дене қалдықтары табылған адамдардың араларында қандай туыстық байланыс барын анықтау үшін ғалымдар митохондриалды геномадағы генетикалық маркерлерді –ДНҚ-ның қайталанатын фрагменттерін қозғайтын бірнуклеотидті мутацияларды зерттеді. Сондай-ақ, жыныссыз хромосомалар (аутосома) мен Y-хромосоманың тұқым қуалайтын материалдары зерттеуге алынды.
Аталмыш отбасының R1b-M343 гапло тобына, яғни басым бөлігі Батыс Еуропа мен Оңтүстік Оралда (Ресей) тұратын адамдар тобына кіретіні анықталды. Осылайша, моңғолоидтық түр-келбетке ие болса да, Шыңғыс ханның түп-тамырында еуропалық ген анықталды. Зерттеушілер Моңғол империясының ханы Азияда кеңінен тараған C3c-M48 гапло тобына емес, R1b-M343 гапло тобына жатуы мүмкін деп болжап отыр. Алғашқысы бұған дейін Шыңғыс хан әулетінің түп-негізі саналатын.
Ғалымдардың пікірінше, Таван-Толгойдан табылған адамдар Бүржігін әулеті (Шыңғыс хан тараған тайпа) мен Оңғұт немесе Хонгирад рулық тайпаларының араласуынан шыққан болуы мүмкін.
Мемлекеттерді жойып, өзен арнасын бұрып отырған: Ұлы қолбасшы Шыңғысхан туралы қызықты он дерек