Шымкенттің ауруханасына ес-түзсіз түскен ер адам есін жимастан қайтыс болды
Бір апта бұрын ауруханаға жатқызылған науқас есін жимастан қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Науқасты ешбір адам іздеп келмепті. Бұл туралы емдеу мекемесі бас дәрігерінің орынбасары Сәрсен Пернебеков мәлімдеді. Сәрсен Пернебековтың сөзінше, 45 жас шамасындағы ер азамат Мәртөбе елді мекенінен жеткізілген. Ес-түзсіз жатқан адамды көріп, адамдар жедел жәрдем шақыртыпты.
Оның ауруханаға түскен кездегі жағдайы өте ауыр болған. Диагнозы – миына қан құйылуы нәтижесінде инсульт алған деген қорытынды жасалған. Жасанды тыныс алу апараттына қосылып, сонымен дем алыпты. Дәрігерлер сондай-ақ марқұмның денесінде суреттер болғанын, соған қарап оның бұған дейін жазасын өтеу мекемесінде болуы мүмкін деп болжаған еді. Бірақ сол бір аптаның ішінде оны іздеп келген тірі жан болмапты.
Тағы да оқыңыз:
Қырғызстан БҰҰ мінберінде тұрып шекарадағы шиеленіске Қазақстанды айыптады