Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік медбике шетінеген шақалақтың мүрдесін қалай ауыстырып алғанын айтты

Сұмдық жағдай тамыз айында Шымкенттегі 4-ші периниталдық орталықта болған еді. Ол кезде 20 күн ғана өмір сүріп жан тапсырған ер баланың орнына ақ халаттылар шала туған қыз баланың мүрдесін беріп жіберген болатын. Бір айға жуық тексерген медицина басшылары мекеменің бірнеше қызметкерін кінәлі деп тапқан, деп хабарлайды КТК арнасы.

мурдесін ауыстыргандар

Медбикелердің бірі мүрде оралған орамалды ашуға қорыққанынан туыстарына қарамай-ақ бере салған болып шықты. Медбикенің өзі артынша жұмыстан қуылса, қол астындағы қызметкердің қорқақтығы үшін мекеменің бас акушері мен балаға қараған мейірбике де жұмыстан кеткен. Сондай-ақ, неонатология бөлімінің басшысы мен емдеуші-дәрігер де қызметінен айырылды. Ал, Перзентхананың бас дәрігері болса жұмысқа бас-көз бола алмағаны үшін екі орынбасарына әкімшілік шара қолдану туралы шешім шығарған.

Жіберіп алмаңыз:

Балқаш тұрғыны пойызда біреудің баласын себепсіз сабап тастаған

СҚО-да алаяқ әйел дуаны “қайтарған” болып елдің ақшасын ұрлаған

Халықты тонауды тоқтатыңыз: Ашынған ата-аналар министр Сағадиевке ашық хат жолдай бастады

Канадада қаза тапқан отандасымыздың денесін елге жеткізу созылып кетуі мүмкін

Талқылау