Шымкенттік қажы қызанақ сыртынан Алла сөзін байқап қалған
Шымкентте Нұрғожа қажы Сыздықовкесілген қызанақтың бір тілігін алып келді. Ол кісі қызанақта жазылған «Алла» сөзін қалай байқағандарын түсіндірді.
«Оразаның соңғы күнінде көршілер мен ағайын-туыстың басын қосып, ауызашар бердік. Ол кезде ештеңе байқалмады. Ертесіне әйелім Жамал айттап келген қонақтарға дастархан дайындау барысында қызанақ турап жатып, олардың біреуінің сыртында «Алла» деген жазуды байқап қалады. Дереу маған жазуды көрсетті. Мен ол қызанақты одан әрі туратпастан тоңазытқышқа салғызып қойдым, – деп мәлім етті Нұрғожа қажы Замана газетіне.
Мен отыз жылдан бері ораза тұтып, намаз оқып жүрген жанмын. Қажылыққа да бардым. Бұл сол еңбегім үшін Алланың берген разылығы шығар деп ойлаймын. Меніңше, бұл – жай қызанақ емес».
Міне, Нұрекең осылай дейді. Жасыратыны жоқ, бұған дейін базарларда әртүрлі әдіспен сыртына қолдан «Алла», «Мұхаммед» деп жазылған жеміс-жидектердің көптеп сатылғанын жұрт біледі. Бірақ мынау оларға мүлде ұқсамайды. Мұның астарында не жатқанын, әрине, бір Жаратушы құдіреттің өзі білер. Ал Нұрекең бұл қызанақты үйіндегі тоңазытқышта сақтап қоймақ ниетте. Ол кісі қасиетті жазудың қанша уақытқа дейін өшпей тұратынын байқап көрмекші екен.
Жіберіп алмаңыз:
Гүлмира Дайрабаева асқан қазыдан Алла жазуын тауып алды (фото)
Айт күні Алматыда Алланың аты жазылған орамжапырақ табылды (фото)
Шымкентте Қадір түні қарсаңында қарбыз ішінен Алланың есімі байқалды