Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлмира Дайрабаева асқан қазыдан Алла жазуын тауып алды (фото)

Гүлмира Дайрабаева анасының үйінде қонақта болып, асқан еттің ішінен Алла жазуын байқап қалған.

13696874_1256415991065348_583634305_n

Фото: instagram.com/gulmira_dairabaeva/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Танымал тележүргізуші үйінде ет асып, қазыдан араб тіліндегі сөзді байқап қалған. Көпшілік мұның Алла деген жазу екенін айтып, жақсылыққа балады. Бастапқыда бұл суретті Айнұр Тұрсынбаева өзінің желідегі парақшасына салып, құрбысына тиесілі екенін жазған болатын. Желі қолданушылары суреттің тұсындағы жазуға мән бермесе керек, айтыскерді сурет ұрлаушы деп айыптады. Бұдан кейін Тұрсынбаева аталған суретті мүлдем өшіріп тастады.

“Сенбілік дәстүр бойынша ата-анамыздың үйінде қонақтамыз. Дастархандағы қазыдағы не жазу екенін түсінбесек те, құдайдың құдіреті деп жақсылыққа балап отырмыз”, – деп жазады Гүлмира Дайрабаева.

image

Желі қолданушылары да мұның жақсы белгі екенін айтып, ұқсас оқиғаларды баяндай бастады.  “Менің де тереземнің алдына бір қарға келіп, қайта-қайта “Алла, Алла” деп қайталап тұрды. Мен естіп анамды шақырып қайтып келсем ұшып кетіпті. Міне, керемет! Алла шебер”, “Машааллах, дос қызым екеуіміз құрт жасап жемек болғанбыз. Құрт көжені суыту үшін қойып қойсақ, бетіне “Аллах” деген жазу шығып тұр екен”, “Бұл жылан құрты ғой”, “Расымен де, Алла сөзіне ұқсайды. Алла аманшылығын берсін!” дейді олар. Арасында бұл қазымен не істегеніне қызығушылық танытқандар да болды.


Жіберіп алмаңыз:

Айт күні Алматыда Алланың аты жазылған орамжапырақ табылды (фото)

Саудия соты «Құдайға сенбейді» деп айыпталған ақынға кесілген өлім жазасын өзгертті

Үндістандық құдайдың құрметіне қолын 43 жыл бойы түсірместен жоғары көтеріп келген (фото)

Қалмақтардың құдайына дәрет сындырып, тепкен спортшы тізерлеп кешірім сұрады (видео)

Талқылау