Саудия соты «Құдайға сенбейді» деп айыпталған ақынға кесілген өлім жазасын өзгертті

Сәрсенбі, 3 Ақпан , 2016 11:34

Сауд Арабиясының жоғарғы соты исламнан безінген ақын Ашраф Файядқа кесілген өлім жазасын өзгертті. Ол енді жазасын сегіз жыл түрмеде өтеп, 800 рет дүре соғылатын болды.1259446432_h23_2124

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Сондай-ақ, ақынның адвокаты Абдеррахим аль-Ляхимның айтуынша, сот ақыннан БАҚ арқылы «жазбасына өкініш білдіретіні» туралы хабарлама жариялауын да талап еткен. Ақынның қорғаушылары Файядты толыққанды босатып, оны кінәсіз деп табуды сұрап қайта өтініш берген.

Шыққан тегі палестиналық 35 жастағы ақын әрі әртіс Ашраф Файядты Сауд Арабиясының діни полициясы Абха қаласында 2013 жылы ұстаған болатын. Оның Бейрутте басылып шыққан кітабынан кейін, ақынды Құдайға сенбейді деп айыптаған.

Тіпті куәгерлер Файяд Алланы, Мұхаммед пайғамбарды және Сауд Арабиясын қарғады деп айыптаған. Олардың айтуынша ақынның өлеңдерінен Аллаға сенбеушілік анық байқалады екен. Ақын болса аталған кінәлардың бәрін жоққа шығарып, өзінің дұрыс бағыттағы мұсылман екенін айтқан.

2014 жылдың қаңтарында Файяд 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Қайта берілген шағымнан кейін, басқа судья оны өлім жазасына кескен.

Осы жылдың қаңтар айында Сауд Арабиясында «исламды келеке еткені» үшін деген айыппен блогер Раиф Бадавиді 10 жылға бостандығынан айырып үкім еткен. Бадави – «Саудия либералдарына бостандық» атты сайттың негізін салушы.

Өткен жылы бұл мемлекетте Қытай және Иранмен салыстырғанда өлім жазасы көп орындалған. Құқық қорғаушылардың айтуынша 1985 жылдың қаңтарынан бері аталмыш елде 2,2 мың адам өлім жазасына кесілген.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар