Шымкенттік Әсел Дәлиева қалайша тоғызқұмалақтан 7 рет әлем чемпионы атанды (фото)
Шымкенттік Әсел Дәлиева – «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарының бірі, тоғызқұмалақ бойынша спорт шебері, деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.
Әсел ұлттық ойынды бала күнінде ойнай бастаған. Ол 12 жасында спорт шебері, 16 жасында халықаралық деңгейдегі көрсеткіштердің барлығын орындаған ең жас спортшы атанды. 2013 жылы әлем чемпионы Азияда ойындарының алауын тұтату құрметіне ие болды. Әсел өткен өмірінде көрген қиындықтарына қарамастан, осындай жетістіктерге жетті. Ол жасөспірім кезінде ата-анасынан айырылып қалған екен.
«Мен 9 жасымда ойнай бастадым. Аптасына 7 күн бойы 2 сағаттан тоғызқұмалай ойнайтынмын. Себебі, бұл – өте ауыр ойын. Ол адамның логикалық ойлауын дамытып, стратегия туралы ойлауға, тәртіпке үйретеді», – дейді Әсел Дәлиева.
Спортшы балалар мен жасөспірімдерді республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға жаттықтырып, жаңа чемпиондарды тәрбиелеп жүр.
«Оқушыларымның бірі Лина Каримова әлем чемпионы атанды. Басқа балалар Қазақстан чемпионы, жастар арасындағы жарыс жеңімпаздары атанып, мені қуантып жатыр. Қазіргі уақытта бұл ойында жетістікке жетіп жүрген дарынды жастар көп. Тіпті, тоғызқұмалақ ойынына үйрететін мобильді қосымша да бар», – дейді спортшы.
Тоғызқұмалақ ойынының тарихының тамыры терең. Бұл ойын 4 мың жыл бұрын пайда болған. Алайда аталған ойын Қазақстан және Қырғызстан халқының арасында кең тараған. Қазіргі уақытта Әселдің арманы – тоғызқұмалақ ойынының кең танылуына үлес қосып, зияткерлік мектеп ашу.
«Тоғызқұмалақтың шахмат ойынына ұқсастығы бар. Бұл тек бергі жағы. Бізде көрсеткіш те, сағаттар да бар. Алайда, іс жүзінде, екеуі –мүлдем өзге ойындар. Әрқайсысының өз ерекшелігі бар. Тоғызқұмалақты хакім Абай да жақсы көрген. Ол өзінің тақтасын мұраға қалдырды. Менің ойымша, балаларымыз тоғызқұмалақ ойынын жан-тәнімен ойнау үшін, оны ұлттық брендке айналдыруға болады», – дейді Әсел.
Әсел Дәлиева Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай медальмен, ТМД Парламентаралық кеңесінің «Дене шынықтыру, спорт және туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін» белгісімен марапатталды. Ал «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасындағы жеңіс – аталған спорт түрін назар аудартудың қосымша мүмкіндігі болды.
«Біз аталған жоба арқылы қазақстандықтарға үлгі болған болармыз. Себебі көбіміз қарапайым отбасынанбыз және еңбектеніп, табандылық танытқан жағдайда табысқа жетуге болатынын дәлелдедік. Мен бұған қашан да сендім. Осы балалармен жаттығуым осы сенім негізінде құрылады», – дейді Әсел Дәлиева.
Оқи отырыңыз:
Канело, кетші әрі: Головкин кешірім сұраған Альвареске қатысты пікір білдірді (видео)
Головкин чемпиондық белбеуінен айырылып қалуы мүмкін
Қуан, қазақ: Баландин Испания біріншілігінде үшінші алтынға қол жеткізді
Головкиннің 5-мамырда Лас-Вегаста өтілуі тиіс жекпе-жегі ресми түрде күшін жойды