Шымкенттік ақын Қайрат Нұртастың табысының 10%-ын алғысы келгенін айтты
Құрманай Бахтиярқызы хитке айналған “Алматының түндері-ай” әнінің жазылу тарихын айтып берді. Ақын аталған әннің тағдырын білгенінде, Қайрат Нұртастан табысының 10%-ын сұрайтынын айтты.
Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды, – деп хабарлайды Stan.kz.
Ақын жас кезінде спорттың екі түрімен кәсіби деңгейде шұғылданған. Бірақ, Құрманай ханым спортты емес, өнерді таңдады. Бүгінде ол той басқарып, әншілерге хит туындылар жазады. Кезінде “Алау” тобына “Гүл әпше”, Кәмшат Жолдыбаеваға “Пиа-пиа”, Серік Ибрагимовке “Жаяу” әнін жазып берген де осы ақын болатын. Десе де, оның өзі Қайрат Нұртастың орындауындағы “Алматының түндері-ай” әнінің өзі үшін орны ерекше екенін айтады.
“Мен Алматыға келген сайын Гүлзира ханымның үйінде қонамын. Бір күні таңғы бесте үйлеріне барып, ақырындап кірдім. Барлығы ұйықтап жатқан болар деп ойладым. Қарсы алдымда бір жапырақ қағазын ұстап Гүлзира отыр. “Мына ән қатты ұнап тұр. Ертең таңертең сағат 11 шамасында Қайрат осы әнді жаздырады. Біраз ақынға сөз жаздырып көріп едім, ешқайсысы ұнамай тұр. Сен жазып көрші” деді. Мен “Таңғы бес болды ғой, Гүлзира, қазір ұйықтайық. Таңертең жазып берермін” дедім. Сонда да қоймай қасыма келіп тағы өтініш білдірді.
Бір уақытта қонақ бөлмеде тұрған кілемге келіп жатып алдым. Гүлзира сонда да артымнан қалмай “Құрманай, сен жазсаң, хит болатынын жүрегім сезіп тұр” деді. Ол әннің хит болып кетерін білгенімде, осы ән арқылы тапқан табысыңның 10%-ы менікі болады деп айтар ма едім?! Бәлкім, Қазақстанның миллиардер келіншегі болып отырар ма едім?! Оңтүстікте мені “әннің математигі” деп айтады. Әнде бір әріп қалып кетсе, оның барлық мағынасы жоғалады. Мені әншілердің жақсы көретіні содан деп ойлаймын”, – дейді Құрманай Бахтиярқызы.
Жіберіп алмаңыз:
Құрманай Бахтиярқызы: Ақын болмасам, спортта чемпион болар едім
Талғат Жорабаев: Дүниесін үнемдеп жұмсаған жан мұқтаждыққа жолықпайды
Әнел Әрінова: Бұрынғыдай ойланбастан 180 мыңға сөмке алмайтын болдым
Баяннан аумай қалыпсың: Жұрт Еркенің күннен күнге продюсеріне ұқсап баратынын айтты